Мереке

Хромтаулық ұстаздың марапаты

Құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Олардыңқатарында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің директоры Бағдашжан Молдашева да бар.

Бағдашжан Қадыржанқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болды.Ол 1986 жылы білім беру саласында еңбек жолын бастап, мұғалім, мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылы Хромтау кәсіптік-техникалық училищесіне ауысып, содан бері колледжде қызмет етіп келеді. 2003 жылы аталған оқу орнының директоры болып тағайындалды. Бүгінде оның басшылығындағы Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі еліміздегі үздік он колледждің қатарына кіреді. Бұл оқу орнының түлектері жыл сайын толықтай дерлік жұмыспен қамтылады.

Өткен жылы Мемлекет басшысы колледждің жұмысымен танысып, ұжымға жоғары баға берген болатын. Сол сапарда Президент Бағдашжан Молдашеваны Ақордаға арнайы шақыратынын айтқан еді.

Былтыр желтоқсанда Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаннан кейін біздің колледжге арнайы келді. Сол кезде Мемлекет басшысы оқу орнымыздың жұмысын жоғары бағалап: «Сізді Ақордаға міндетті түрде шақырамын» деген болатын. 8 наурыз қарсаңында Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алдым. Бұл — мен үшін үлкен мәртебе. Ел Президентіне шексіз алғысымды білдіремін, — деп қуанышын бөлісті Бағдашжан Молдашева.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button