Пікір

Жас ғалымдарды қолдайды

Гүлмира Ғабитқызы Ермекбаева,
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің теориялық және
қолданбалы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы,
философия докторы (PhD).

2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы қорытындысы бойынша 2023 жылы 17 мамыр №136 ЖҒ-4 шарты негізінде ЖТН АР 19174913 «Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орнында болашақ педагогтерді оқытудың зерттеушілік моделін (RBL) енгізу» ұсынылған жоба тақырыбы ҰҚК шешімімен «Білім және ғылым» басым бағыты бойынша қаржыландырылуға мақұлданды.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы өңірлік ЖОО-да болашақ педагогтердің ғылыми әлеуетін қалыптастырудағы механизмнің тиімділігін арттыру.
Аталмыш жоба негізінде өзімнің жеке қызығушылығым арқылы кафедраның ғылыми әлеуетінің артуына мүмкіндік туды. Жоба негізінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі басылымдарда жарық көрді, соның ішінде Scopus дерекқорында CiteScore пайыздық көрсеткіші бар ғылыми журналдарда, зерттеу нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, жоба бағыты бойынша ғалымдар қауымдастығы және жалпы жұртшылық арасында тарату мақсатында халықаралық ғылыми конференцияларда мақалалар жариялауға, Қазақстан Республикасының өңірлік ЖОО-да болашақ педагогтерге білім берудің зерттеушілік моделіне (RBL) авторлық куәлік рәсімдеуге, Қазақстан Республикасының өңірлік ЖОО-да болашақ педагогтерге арналған білім берудің зерттеушілік моделін (RBL) оқу процесіне енгізуге, әлеуетті пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының өңірлік ЖОО-да болашақ педагогтерді оқытудың зерттеушілік моделін (RBL) енгізу тәжірибесімен таныстыруға мүмкіндік берді.
Елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында «Жас ғалым» жобасы өз жалғасын тапсын деген тілек айтқым келеді, осындай ғылымға маңызды жобалар арқылы өзекті мәселелер зерттеліп, тың жаңалықтар жарыққа шыға берсін. Қазақстан Республикасының ЖБҒ министрлігіне, ЖОО-ның басшылығына жас ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми жұмыстарға мүмкіндік тудырғанына алғыс айтамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button