МерекеМәдениет

Әйелдерге арналды…

Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде «Ана — ұлы есім!» мерекелік концерті өтті.

Салтанатты жиында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев жиналғандарды көктем мерекесімен құттықтап, игі тілегін арнады. Артынша облыс әкімі Асхат Шахаровтың атынан №1 Абай атындағы Ақтөбе қалалық кітапханасының кітапханашысы Гүлнар Жәкен, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының сынақ орталығының бас маманы Ирина Пивоварова және Ақтөбе жер мониторингінің топографі Армангүл Шаймерденоваға Алғыс хаттар тапсырды. 25 мереке иесі Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында «Кірпіш зауыты» ЖШС кірпіш күйдірушісі Айгүл Абдолова, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының орамдарды жөндейтін және электр жабдықтарын оқшаулайтын электригі Татьяна Бродовщук,  «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС элеватордың ауысым бригадирі Зүлфия Битулина,  «Аqtobe Su-Energy group» АҚ аға операторы Наталья Лайкина, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС таразышысы Күміскүл Рақыш, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ аға электр механигі Айгүл Сәрсенбай сынды еңбек адамдары бар.

Зауытта 13 әйел адам жұмыс істейді. Солардың бірі ретінде қала әкімінің Алғыс хатына ұсынылғаныма өте қуаныштымын. Кәсіпорында кірпішті күйдіріп, пештің температуралық режимін реттеймін, техникалық ақауларды анықтаймын.Бұл — менің еңбек жолымдағы мұндай деңгейдегі алғашқы марапатым. Осы құрмет алда да қажырлы, өнімді еңбек етуіме әсер ететініне сенімдімін. Барлық қыз-келіншекті төл мерекесімен құттықтаймын, — дейді осы салада еңбек еткеніне 10 жылға жуықтаған Айгүл Абдолова.

Өңірімізге белгілі әншілер Марат Әйтімов пен Аллаберген Жақсыбаев жүргізген кешөнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ мерекенің құрметіне қала әкімі Азамат Бекет «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнында орналасқан тігін цехына барды. Мұндағы жұмысшылардың 67 пайызы — көру мүмкіндігінен айырылған жандар.

«Мерекеде жұмыс орындарыңызбен танысып, сіздермен жүздесейін деп келдім. Сіздер зор еңбек атқарып келесіздер. Сіздерді құттықтау — мен үшін зор мәртебе. Адал еңбектеріңіз 12 мүшесі сау адамдарға үлгі. Ерекше алғысымды білдіре отырып, денсаулық тілеймін», — деді әкім.
«Анаға тағзым» орталығында да түрлі салада еңбек ететін жұмысшы әйелдерге құрмет көрсетілді.
Президентіміздің бастамасымен биыл еңбек адамының жылы жарияланғаны белгілі. Ресми статистикалық мәлімет бойынша Ақтөбе қаласында 303861 әйел адам бар. Соның 98897-сі — жұмысшы мамандар.
Бүгін осы залда қала тазалығы, өндірісте, ауыл шаруашылығында, басқа да салаларда еңбек етіп жүрген апа-қарындастарымыз отыр. Ер-азаматтармен бірдей жұмыс істеп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Сіздер қаламыздың дамуына үлес қосып, үздік еңбектің үлгісін көрсетіп келесіздер,
— деп лебізін білдірді Азамат Бекет.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button