Су тасқыны

Тасқынға қарсы шаралар күшейтілді

Облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, өңірдегі су тасқыны жағдайын талқылады.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы мен 12 ауданда су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен су өткізу құбырлары тазартылуда. Құм толтырылған қаптар дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Өңірде мұндай 22 орын анықталған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің мәліметінше, төтенше жағдайлар қызметкерлері 1854 үйді қамтитын 59 бау-бақша ұжымын аралап, тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы жадынамалар мен буклеттер таратты.

Асхат Шахаров су басу қаупін азайту үшін көшелер мен аулаларды қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын уақтылы атқару міндеттелді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button