Камералық музыка кеші

Өнер
Өнер орталығы фойесінде Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен халықаралық Operalia жобасы аясында «Камералық музыка кеші» өтті. Кеш «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, концертмейстер Дина Ниязованың 50 жас мерейтойына арналды.
Камералық музыка кеші— классикалық музыканы сүйетіндерге арналған бірегей іс-шара. Бұл кешке жиналған көрермен әлемдік деңгейдегі өнерді тамашалап, камералық музыканың нәзік саздары мен терең мазмұнына қанықты.Концерттік бағдарлама барысында Моцарт, Шуберт, Бетховен, Чайковский және тағы басқа әлемге әйгіліклассикалық композиторлардың шығармаларын Мәдениет саласының үздігі Манзура Сапарова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гаухар Саламас, Беджа Калмыков, Аманжол Өтемұратов, Оразғали Сағитжанұлы, Гүлфия Жұмабаева, Айгүл Үргенішбаева орындады.
Концертмейстер Дина Ниязова кеште орындалған А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсындағы«Ажардың ариясы», Винченцо Беллини «Сомнамбула» операсындағы«Аминаның ариясын» және тағы басқа шығармалардыпианинода сүйемелдеді.
Залда отырғандар талантты вокалисттердің орындауындағы әсем әуендермен шабыттанып, камералық музыканың сиқырлы әлеміне енді.
А.БАЛЖАНАЙ.