АЭС

АЭС — экологиялық таза нысан

                                                                                                                                                Арайлым ОРТЫМОВА, Құйылыс орта мектебінің география пәнінің мұғалімі,Ырғыз ауданы.

— Атом электр стансасыжайлы қоғамда түрлі пікір бар. Бо­ла­шақта электр қуаты қымбатқа түседі деп жатыр. Сондықтан елімізге АЭС салу туралы шешім қабылданатын уақыт кел­ді деп ойлаймын.

Атом элек­тр стансалары бар мемлекеттер, соның ішінде, әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өн­дірісі бар мемлекеттер тек көмір немесе газ энер­гиясына негізделген елдерге қарағанда әлде­қай­да дамыған деп есептеледі.

Әлемде эко­но­микасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер­гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де — бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы саланың мамандары атом электр стансасынан алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтып отыр. Сол себепті АЭС-тің еліміз үшін маңызды нысан екеніне ұюымыз керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button