АЭС

Болашақты бүгіннен бағамдайық

Матай НҰҒЫМАНОВ,
Темір аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Қазіргі кезде экологиялық таза және тиімді энергия көздері аса маңызды болып отыр. Сондықтан мемлекетімізде атом электр стансасын салу болашақ ұрпаққа бізден қалатын үлкен мұра деп есептеймін. Бұл шешім тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі күннің де қажетіне сәйкес келеді.
Неге мен АЭС салуды қолдаймын? Энергияның тұрақты көзі — атом электр стансасы үздіксіз және сенімді электр қуатын береді, бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл жоба көптеген жаңа жұмыс орнын ашатындықтан, елімізде жаңа мүмкіндіктер мен ел тұрғындары үшін жақсы перспективалар пайда болады. АЭС салу арқылы жаңа құрылыс жұмыстары мен жобалар іске асырылып, жергілікті инфрақұрылымды дамытады, бұл барша халықтың тұрмысын жақсартып, мемлекетімізді одан әрі өркендетеді. Осыны да қаперге алу керек.
Мемлекетімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдумның уақыты жақындап келеді. Бұл референдум — біздің болашағымыздың қандай болатынын таңдау мүмкіндігі. Әрқайсысымыздың дауысымыз осы маңызды жобаның жүзеге асуына, болмаса бұдан бас тартуға әсер етеді. Аталған маңызды шараға қатысуымыз біздің еліміздің даму бағытын айқындайтынын ұмытпайық. Сондықтан бірауыздан референдумға қатысайық дегім келеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button