Ауыл кеші көңілді
Осындай атаумен Темір ауданында жаңа жоба қолға алынды. Мақсат — тұрғындардың көңілін көтеріп, рухани-мәдени демалыс сыйлау.
Аудан орталығы — Шұбарқұдық кенті округтер9 әкімшілік аумаққа бөлініп, сәйкесінше әрқайсысына апта сайын көше мерекесін ұйымдастыру тапсырылды. Атап айтсақ, алғашқы боп Н.Байғанин көшесінде Ақсай ауылдық округінің, кейіннен Алтықарасу ауылдық округі Қазақауылы аймағында, Кеңестуы ауылдық округі Задепо аймағында, Қайыңды ауылдық округі Ж.Кереев көшесінде, Жақсымай ауылдық округі Қызылжар шағын ауданында және Тасқопа ауылдық округі Теріскей көшесінде іс-шаралар топтамасын өткізсе, Темір қалалық округі Теміржол вокзалы алдындағы алаңдыдуманды кешке бөледі.
Аудан әкімі Саламат Аманбаев мұндай шараның су тасқынынан көңілі түскен халықтың шаттыққа бөлейтінін әрі тұрғындар арасындағы байланысты нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ шара арқылы қай округтің өнерпаздары мықты екені анықталып, сый-сияпаттар жасалады.
Шара барысында«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың өнімдері ұсынылып, спорттық ойындар ұйымдастырылады. Соңы концерттік бағдарламаға ұласады. Жобаның қорытынды кешінде үздіктер марапатталып, ерекшеленген округтер әртүрлі аталымдар бойынша марапатталмақ.
Айәли АЙБЕК.
Темір ауданы.