Білім

Ұстаздық еткен жалықпай…

Өнеге

Әрдайым  қастерлі тұлғаның бірі — ұстаз.

Тәрбиелі, парасатты адамға сүйсінгенде: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Ұстаздың алдын көрген» деген сөз «Ананың тәрбиесін алған» дегенмен бірдей мағынада айтылады. Ұстаз мектепте әріп танытып, пән бойынша сабақ үйретіп қана қоймайды, көңіл түкпіріндегі даналығымен, өмір тәжірибесімен бөлісіп, шәкіртін жақсылыққа, асыл қасиеттерге баулиды.

Осындай қадірлі ұстаздарымыздың бірі — 40 жылға жуық өмірін білім саласына арнағанМейрамгүл Жүсіпова.

Ол 1984 жылыҚызылорда педагогикалық институтының музыка факультетін аяқтады.Жолдамамен Ақтөбе педагогикалық училищесіне жұмысқа орналасқан жас маман өз кәсібіне деген адалдығымен, шәкірттеріне деген мейірімімен ұжымда тез-ақ құрметке бөленді.

Ұстаздың ұстамдылығы — тәрбие арқылы қалыптасатын қасиет. Мейрамгүл Мейраханқызының өскен ұясы — ұстаздар шаңырағы. Әкесі Мейірхан Жүсіпов — 40 жыл білім саласында еңбек етіп, соның ішінде мектеп директоры да болған қадірлі ұстаз, «ҚР оқу ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Анасы Бибізада Кәдірбаева да 38 жыл бастауыш сынып мұғалімі болды. Отбасындағы6 бала да ата-ананың жолын жалғастырып, мұғалімдік мамандықты таңдаған, яғни бұл әулетте  ұстаздық кәсіп — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылық.

Мейрамгүл Мейрханқызы бүгінде Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде баян және мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәндерінен дәріс береді. Ол —педагог-зерттеуші, тәжірибелі ұстаз, шебер әдіскер. Мейрамгүл Мейрханқызы көп жылғы тәжірибесінің нәтижесінде «Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі», «Музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәніне тест жинақтары», «Мектептегі музыка пәнінен ҚМЖ жинағы», «Жаңа технология — заман талабы» атты әдістемелік құралдарды, «Балабақша және мектеп әндерінің жинағы», «Музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәніне арналған слайдтар жинағы» атты электронды құралдарды және «Wordskills» чемпионатына «Музыкалық білім беру» құзіреттілігібойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеп,жарыққа шығарды. Республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шеберлік класын, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Студенттердің шығармашылықпен қатар, ғылыми жұмыстармен айналысуына бағыт-бағдар беріп, жетекшілік етіп, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстырды және бұл конференцияларда шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.

2021жылы облыста алғаш рет «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша   «Worldskills» аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Мейрамгүл Мейрханқызының жетекшілігімен «Музыкалық білім беру» мамандығының студенті  Н.Набиева қатысып, жүлделі I орын және қаржылай сыйақы иеленді.Одан әрі республикалық чемпионатқа жолдама алып, ол сайыста да І орын иегері атанып,  алтын алқаны жеңіп алды.

Мейрамгүл Жүсіпова білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі еленіп,бірнеше мәрте Білім және Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының  Құрмет грамоталарымен,облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, Мейрамгүл Мейірханқызының өнегелі ұстаздық жолы — ұжымымыз бен шәкірттері үшін үлкен мақтаныш.

Айгүл КАРТАНОВА,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button