Ядролық отынды пайдалану тәуекелі
тосқауылдарын жасау, қажетті бақылауды қамтамасыз ету, радиоактивтіліктің таралуына әкеп соғуы мүмкін кез келген ықтимал жағдайды болдырмау үшін ауқымды жұмыс жүргізіледі.
Екінші сценарий – ПЯО өңдеу үшін арнайы өндірістер құру. Бүгінгі күні халықаралық қауымдастық ПЯО-ны энергия өндіруге қайтадан пайдалануға болатын құнды ресурс ретінде қабылдайды. Мұндай қайта өңдеу өндірістері бірқатар елде жұмыс істейді. Олар ПЯО-дан сақталып қалған пайдалы материалдарды бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейін олар ядролық реакторға қайта жүктелетін жаңа отын өндірісінде қолданылады.
ПЯО-ны қайта пайдалануға ғана емес, сонымен қатар ядролық реактор жұмыс істеп тұрған кезде отында пайда болатын, ПЯО радиоактивтілігіне негізгі үлес қосатын трансуран элементтерін қайта қатар пайдалану кезінде «күйдіруге» мүмкіндік беретін технологиялар жақсы дамып келеді. ПЯО-ны қайта өңдеумен айналысатын ірі өндірістер Франция, Үндістан, Ресейде жұмыс істейді. Қытай мен Жапонияда қанатқақты жобалар іске қосылды.
Отандық ғалымдардың да елімізде бұған дейін жұмыс істеген, жұмысын жалғастырып жатқан ядролық реакторлардың ПЯО-мен қауіпсіз жұмыс істеу тәжірибесі бар. Мысалы, «Ұлттық ядролық орталық» бұрын Ақтауда жұмыс істеген БН-350 реакторының ПЯО-ны ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді.
ИВГ. 1М реакторынан шығарылған жоғары байытылған ПЯО-ны өңдеу технологиясы әзірленіп, жақын арада ол да іске асырылады. Оған МАГАТЭ сарапшыларының тікелей оң сараптамалық қорытындысы берілді. Яғни пайдаланылған отынмен жұмыс істеу мәселесінде отандық мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті. Оны болашақта атом электр стансасының пайдаланылған отынымен жұмыс істеу мәселесін шешуде қолдануға болады деп үлкен сеніммен айтуға болады.
EGEMEN.KZ