Денсаулық

Көкжөтелден сақтану жолдары

Көкжөтел — бұл жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен көрініс табатын бактериялық жұқпалы ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы  науқас жөтелгенде, түшкіргенде, онымен қоса ауа тамшылары арқылы тарайды. Әсіресе балалар ауруды тез жұқтырады. Көкжөтел ауруын тудыратын Bordetella pertussisбактериясы барлық  елдерде кездеседі. Аурудың алғашқы беліглері кезінде баланың қызуы 38,5-39 градусқа көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Науқас сырқаттанған кезде құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелден соң құсу, қақырықтың бөлінуі, бет-ауыздың ісінуі секілді белгілер байқалады. Аурудың орташа ұзақтығы 3 аптадан 3 айға дейін созылады. Көкжөтелдің жиі кездесетін түрі — бактериялық пневмония. Жөтел мен гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі) салдарынан неврологиялық асқынулар, ұстамалар мен мидың зақымдануы (энцефалопатия) дамуы  мүмкін. Ауыр асқыну кезінде ортаңғы құлақ қабынып, мұрыннан қан кетуі ықтимал.

Көкжөтелдің алдын алудың тиімді жолы — екпе. Сондықтаната-аналарекпеден бас тартпағаныжөн. Ауру әсіресеекіжасқадейінгісәбилерүшінөтеқауіпті.Туа біткен иммунитет тапшылығы және онкологиялық патологиясы бар балалар ауру жұқтыруға бейім келеді.

Облыста көкжөтел ауруына шалдыққандар саны көбейген. Соңғы жеті айда 105 адам ауруханда ем алып шыққан. Олардың 102-і 14 жасқа дейінгі балалар болса, 3-і ересектер. Тұрғындарды көкжөтелден қорғаудың және алдын алудың негізгі әдісі — вакцинопрофилактика. Көкжөтелге қарсы иммундау іс-шарасы профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесі шеңберінде жүргізіледі.Балаңызды көкжөтел ауруынан қорғау үшін ұлттық вакцинация кестесін сақтаңыз. Уақытылы жасалмаған вакцинация аурудың одан әрі таралу ықтималдығын арттырады.

Н.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қалалық санитарлық эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button