Бизнестің дамуына серпін береді
Дидар БОРАНҚҰЛОВ,
«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер
палатасының директоры.
Атом энергетикасын дамыту — елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды қадам. Сондай-ақ «Жасыл технологияларға» көшу жаңартылатын энергия көздерін дамытуды және ағымдағы қуаттарды жаңғыртуды қамтитын кешенді тәсіл қажеттілігін талап етеді. Атом энергетикасы өнеркәсіп үшін қажетті энергия ресурстарын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара алады. Энергиямен жабдықтаудың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін және көміртегі шығарындыларын азайту қажеттілігін ескере отырып, атом энергиясы дамудың өзекті бағытына айналуда.
Бүгінде облысымыз жылдан-жылға инвестициялық тартымдылықты арттырып келеді. Энергияны көп қажет ететін өндірістердің саны өсуде, бұл жаңа технологиялардың дамуы мен енгізілуін көрсетеді және энергетикалық инфрақұрылым негізгі элементке айналады.
Атом энергетикасы — жоғары технологиялық сала ретінде, энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі мен болашақтағы өсу мәселелерін шешу мүмкіндігі. Энергияны көп қажет ететін кәсіпорындар үшін бұл бағыт электр энергиясының бағасын және тұтастай алғанда энергияға тәуелділікті тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Атом станциясын енгізу білікті кадрларды даярлауды және білім беру жүйесін жаңғыртуды талап етеді әрі оқытуды жаңа деңгейге шығарады. Жоғары технологияларға деген көзқарас, әрине, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына, белгілі бір технологиялардың дамуына серпін береді.