АЭСРеферендум
Ең арзан энергия көзі
Мырзалы ӨТЕМҰРАТОВ
Ырғыз ауданының құрметті азаматы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін ұлттық референдумда биыл 6 қазанда өткізуді белгіледі.
Менің мамандығым инженер-энергетик болғандықтан бұл мәселеге өте түсіністікпен қараймын.
Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп отыр. Мемлекетіміз дамыған сайын энергия тапшылығы сезіліп келеді. Қазақстан бүгіннің өзінде жетпес энергияны сырттан, көрші мемлекеттерден алып отыр.
Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған мемлекеттерде 200-ге жуық атом электр станциясы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Бұл біріншіден экологияны жақсартуға оң әсерін тигізсе, екіншіден болашақ үшін аса қажет энергия тапшылығын болдырмайды және ең арзан энергия көзі.