Озық елдердің үлгісі
Анар Даржанова, Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы:
— Атом энергиясы тақырыбы мені бірталай уақыттан бері толғандырады. Себебі2010 жылы АҚШ-тың Оклахома штатындаTulsa университетінің профессорымен кездесу кезінде ол маған төмендегідей сұрақ қойған: «Қазақстан — атом бомбасынан өз еркімен бас тартқан ел. Ал атом электр стансасын салу мәселесі күн тәртібінде бар ма?»
Бұл сұрақ мені ойландырды, бір жағынан, бұның стратегиялық маңызы бар екенін түсіндім.
Осыдан бір жыл бұрын да ел Президенті өз Жолдауында атом электр энергиясы тақырыбынкөтерген болатын. Қазақстан азаматы, ана, басшы ретінде бұл мәселеге бейжай қарай алмадым.Сөйтіп, әлемдегі, елдегі электр стансасын өндіру тақырыбын зерделей бастадым.
Бүгінгі таңда елімізде электр стансаларының 70 пайызы тозған, электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсуде. Ал электр энергиясын өндірудегі көмірдің үлесі (66 пайыз) жоғары болып тұр.
Өз кезегінде көмірқышқыл газының 82 пайызы органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді екен.
Жылу энергетикасының радиациясы да мені ойландырды: елімізде жылына 400 тоннаға жуық уытты металл (күшәла (мышьяк), кадмий, қорғасын, сынап) атмосфераға тарайды.
Әлемдегі атом энергиясын өндіру бойынша бірқатар ақпаратты тексердім. Биылғы Қазан қаласында болған халықаралық форум барысында атом электр стансасы бар елдердің (Үндістан, Бразилия, Қытай) өкілдерімен осы тақырыпты қозғадым. Сол кезде аталған елдердің мамандарының пайымдауынша, дамыған елдердің тізімінде болу үшін электр энергиясынан тәуелсіз болу шарт, ол — елдің даму факторларының бірі. Соның ішінде көшбасшы елдердің тәжірибесінже өз позициясын сақтау үшін өз энергетикасы болуы қажет.
Ақпараттарға сүйенсек, елімізде тұтыну 2023 жылы 112,9 миллиард кВт/сағат құрады, болжамды тапшылық 2024 жылы 2,4 миллиард кВт/сағат, 2025 жылы 3,3 миллиард кВт сағат болады. Ал 2035 жылға қарай тұтыну 152,4 миллиардкВт/сағатты құрайды. Және де қазіргі қондырғылардың тозуы, экологиялық санкциялардың ұлғаюы энергия көздерінің өндірісінің төмендеуіне әкелетіні сөзсіз. Демек, елімізде 2035 жылға 26,5 ГВт болатын жаңа қуаттылық көзі іске қосуды қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпкерлікті қолдау саласында көптеген жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқардым. Бір байқағаным, ешбір әкімшілік шаралар немесе импортқа тарифтер бағаны тұрақтандыруға кепілдік бере алмайды. Оперативті шаралар емес, яғни қайткенде де сұранысты жабу, тек ұзақ мерзімді стратегиялық шаралар ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Міне, сол сияқты АЭС-тың Қазақстанда болуы отын импортына тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Болашақта елімізге энергия өндіруші алпауыттардан саяси қысымға ұшырауымызға жол бермейді.
АЭС салудың тағы бір ерекше тұсынайтпай кету мүмкін емес. Мәскеудегі семинар барысындаәлемдегі ең бірінші атом электр стансасы салынған, ал қазір ғалымдар қаласы болып есептелетін О́бнинск қаласындағы ядролық физика институтында болдым. Ол жерде әлемдік деңгейдегі ғалымдарды тарта отыра білікті кадрларды даярлау жоғары дәрежедегі деңгейде екеніне көзім жетті. Демек, АЭС салу Қазақстандағы кадрлар дайындау мәселесіне де өз септігін тигізетініне сенімдімін.