АЭС

Энергия тапшылығын болдырмау үшін…

Сергей ГНИПА,
«KEGOC» АҚ Ақтөбе БҒМ өңірлік диспетчерлік орталығының басшысы.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына байланысты референдумның 6 қазанға белгіленгенін айтып, бұл мәселенің өзекті екенін атап өтті.
Атом электр стансасын салудың барлық қауіп-қатері анық, тұрғындардың алаңдауы да түсінікті. Қазақстан — индустриялық дамушы мемлекет. Ел өнеркәсіпте қолданылатын барлық элементтердің табиғи қорына бай. Мәселе электр энергиясын пайдалануды шектеуде, оның тапшылығында болып отыр.
Бұл мәселе тау-кен өнеркәсібінде өте айқын сезілді. Электр энергиясының тапшылығы күрт өсті, осы тау-кен саласының жұмысын шектеу үшін белсенді шаралар қолданыла бастады, содан кейін кенеттен сұрақ туындады: әрі қарай не істеу керек? Атом электр станциясы ойға оралды. Атом электр стансасы керек, мұны инженер-энергетик ретінде айтып отырмын. Энергетикалық қауіпсіздік өнеркәсіптің дамуы мен өсуіне жол ашады.
Қандай атом электр стансасы болады деген сұрақ жобалаушылар мен атом инженерлерінің алдында тұр. Және оны өте мұқият зерттеу керек! Ядролық мамандарды даярлау керек, сонымен қатар біздің университеттерге қосымша мамандықтар енгізу керек: атом энергетикасына қатысты. Реакторларды сумен салқындату және су қоймаларымыздың ықтимал ластануы тұрғысынан мен тәуекелдер аз деп айта аламын. Сондай-ақ суды алу жағынан анау айтқандай шығын кетпейді. Атом электр станциясы — Қазақстанның болашағы. Одан қорқудың қажеті жоқ.
Қайталап айтамын, атом электр станцияларының құрылысы электр энергиясының тапшылығымен байланысты. Содан кейін жоба электр энергиясының қандай желілер арқылы берілетінін анықтайтын болады. Мен, Қазақстанның жүйелік операторының өкілі ретінде, атом электр станцияларының іске қосылуы жүйелік желілердегі жүктемені азайтады деп анық айта аламын, бұл әсіресе мемлекетаралық байланыс желілеріне қатысты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button