АЭС

Данияр Жансейітов: Әлемнің 32 елінде 415 астам АЭС жұмыс жасап тұр

Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған орай «Қазақ үні» ақпарат агенттігі «Ядролық физика институты» РМК жетекші ғылыми қызметкері Жансейітов Даниярмен тілдесіп, АЭС қатысты бірқатар сұрақтар қойған еді.

– Президенттің АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу шешіміне қалай қарайсыз?

– АЭС құрылысы сияқты өте маңызды мәселелер референдум арқылы шешілгені өте дұрыс. Себебі, бізде «естуші мемлекет» қағидаты жүзеге асуда. Халықтың ой пікірін тыңдап, соған байланысты жұмыс жасалу керек.

– АЭС бізге қаншалықты қажет?

– Атом электростанциясы ол электр қуатын өндіретін станция болып табылады. Қазіргі таңда қазақстанда азанда және кешкі уақыттарда энергия дефициті сезілуде. Сол уақыттарда энергия тапшылығын толтыру үшін көршілес мемлекеттерден электр қуатын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл болашақта біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, бізге базалық генерация керек. АЭС соның бірден бір түрі. Қазіргі бізге ұсынылып жатқан атом энергетикалық реакторы 3+ буынды энергетикалық  реакторлары әлемдегі ең қауіпсіз ректорлардың бірі болып саналады. Бүгінде әлемнің 32 елінде 415 астам атом реакторы энергетикалық реакторлары жұмыс жасап тұр. Оның 200 астамы осындай сулы энергетикалық реакторларымен істеуде.

qazaquni.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button