Білім

Ұстаздық дәрістің жалғасы

Ойыл ауданында Қожас Қарабалиевке арналған волейболдан кезекті жарыс өткізілді. Аудандағы білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі сабағынан ұзақ жыл  дәріс беріп, дүниеден өткен ұстаздың құрметіне жарыс өткізу дәстүрге айналған.

Жарысқа аудан аумағынан 7 команда қатысты. Оның бесеуі Ойыл селосынан, ал қалған екі команда Берсиев және Көптоғай ауылдарынан келді. Шиеленісті кездесулерден кейін жүлдегер командалар анықталды. Бірінші орынды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол командасы жеңіп алды. Екінші орынды Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің командасы иеленсе, үшінші орынды Ойыл аграрлық колледжі жастары қанағат тұтты.

Жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Дәстүрлі жарыстың өз деңгейінде өтуіне аудандық әкімшілік, Ойыл аграрлық колледжі мен Қожас Бақиұлының ұлы Рақым Қарабалиев демеушілік көрсетті.

Жарыс аяқталғаннан соң Қожас Қарабалиевтің рухына арнап ас берілді.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button