«Генерал сарбазды өз туған баласындай көруі керек»
Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына — 100 жыл
Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы, халқының сүйікті перзенті Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жыл басында «Еgemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына — 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады» — деп бұл жөнінде атап өтті.
Сағадат Нұрмағамбетов — даңқты батыр, мемлекет пен қоғам қайраткері ғана емес, көзін көргендерді өзінің асыл қасиеттерімен, тектілігімен тәнті еткен тұлға. Мысалы, генерал Мұхтар Алтынбаев ол жөнінде: «Сағадатағажастарғағанаемес, ағабуын—біздергедеүлгі-өнегеболабілді. 1942 жылыәскерқатарынашақырылғанолнеміс-фашистерінеқарсы 1-Белорусь, СолтүстікКавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германиямайдандарындасоғысты, басынанкөптегенқиындықтарөткерді. Соғанқарамастан, ешқашандауыскөтермейтін. Қандайжағдайдадабайсалдыәріұстамдықалпынанбіртанғанемес», — дейді.
Ағаның мейірімі
Сағадат Нұрмағамбетов кеңестік заманның бастапқы кезеңіндегі ел есін жиғызбай, біріне-бірі ұласып жатқан қиындықтардың тұсында, 1924 жылы Ақмола облысы Ақкөл ауылының Қосым ауылында дүниеге келген. Әкесі Қожахмет кенже ұлы Сағадаттың дүние есігін ашқанын да көре алмаған. Ол ұлы өмірге келместен бір ай бұрын қайтыс болған. Шешесі Айса қос перзенті — Сағит пен Сағадатты қатарынан кем қылмай өсіру үшін бар күшін сала еңбек еткен. Алайда 1932 жылғы аштықта қос ұл аяулы анадан айырылып, көздері жәудіреп қала беріпті.
Бұл кезде Сағадат небәрі 8 жаста еді. Кейін өз естеліктерінде: «Ағам Сағит маған әке де, ана да болды. Ағамның көзі анама ұқсайтын еді», — деп сан рет сағына еске алды. Жалғыз бауырын ол жанындай жақсы көріпті. Сағадат мектепте өте жақсы оқыған. Тіпті екі сыныпты бір жылда бітірген кездері болған. Әсіресе ол тарих, география пәндерін сүйіп оқыды. Өскен соң осы пәндерден сабақ беретін мұғалім болуды да армандаған. Замандастарының айтуынша, бұл пәндерге жетіктігі соншалық — картадан кез келген жерді көзін жұмып тұрып көрсетеді екен. Сондай-ақ бала күнінде туысы Әлжан жыршы айтқан «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», т.б. батырлық жырларды тыңдауды ұнатқан.
Ол 7-класты бітіргеннен кейін бірден еңбекке араласып, колхозда есепші, одан кейін ауыл клубының меңгерушісі болып істеді.
Тұл жетім қалса да, қос ұл біріне-бірі сүйеніп, бірін-бірі жетелеп, енді есейіп, ел қатарына қосыла берген кезде,1941 жылдың жазында соғыс басталды. Соғыс хабары шыққан алғашқы күні-ақ Сағадат өз достарымен бірге әскери комиссариатқа барып, майданға сұраныпты. Ол жерден «Әзірге тылда еңбек ете тұруың керек» деген жауап алған. Ал жалғыз ағасы соғысқа аттанып, кейін Ресейдің Новгород қаласы түбіндегі шайқаста қаза тапты.
Кавказдан Берлинге дейін
Қызыл армия қатарына ол 1942 жылдың шілде айында қабылданды. Бұл кезде жасы 18-ге енді толған еді. Әскери комиссариат Сағадатты Түрікменстанның Гушгы қаласындағы пулеметшілер дайындайтын училищеге жіберді. Ал 1943 жылдың сәуір айында майданға аттанды. Оқ пен от жауған жорықтардың ортасында ол Кавказдан Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті.
Сағадат Нұрмағамбетов 301-атқыштар дивизиясының сапында Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Белоруссияны және Польшаны фашистерден азат етуге қатысты. Осы дивизияның 1052-атқыштар полкінде алдымен пулеметшілер взводының, содан кейін пулеметшілер ротасының, соңынан атқыштар батальонының командирі болды.
1945 жылы 17 қаңтарда ол басқарған рота Польша жеріндегі шайқастардың қалың ортасында жүрген еді. Рота командирі Нұрмағамбетовке жау қорғанысын бұзып өту жөнінде тапсырма берілді. Висланың сол жағалауындағы Магнушев плацдармынан бастау алған шайқаста ол басқаратын пулеметшілер ротасы екі күннің ішінде жаудың 12 пулеметін, онымен қоса 120 фашистің көзін жойды. Бұл ұрыстардакомандирдің ержүректілігі, дер кезінде шешім қабылдай білетін қабілеті, сауаттылығы ерекше көзге түсті.
Шайқастардың бірінде станокты пулеметтің дәлдеуіші істен шыққанына қарамастан, Нұрмағамбетов жау әскеріне оқты қарша боратты. Осылайша ол жаудыңекі жойқын шабуылының бетін қайтарып, 65 фашисті жер жастандырды.
Сөйтіп, рота өзеннен өтіп, фашистердің тағы да 6 пулемет орналастырған нысанын жойып, 35 әскерінің көзін құртты. Мұның бәрі кеңес әскерінің алға жылжуына жол ашты.
1945 жылдың 14 қаңтары мен 3 ақпаны аралығындағы кеңес әскерінің алға шабуылдау мақсатындағы Варшава-Познань операциясын маршал Георгий Жуков басқарған еді. Ол Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігіне риза болып, оны Кеңес Одағының батыры атағына ұсынуды тапсырыпты.
Осылайша 1945 жылдың 27 ақпанында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Бұл кезде ол 21 жаста еді. Кейін өз естелігінде марапаттау рәсімін былайша еске алды: «Медальдарды армия қолбасшысының өзі келіп табыстады. Ол кеудемізге Ленин ордені мен «Алтын жұлдызды» тақты. Бізді шынайы ниетімен құттықтады. Толқынысымды жасыра алмадым. Қазақтың жетім баласына мұндай зор құрмет көрсетілгеніне сене алмадым. Әкем мен анам, Сағит ағам, отандастарым бұл жетістігімді көргенде ғой деп ойладым».
Кейіннен ол атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. Осы жылдың сәуір айында 1052-атқыштар полкінің командирі, Кеңес Одағының Батыры, полковник А.Пешков 301-атқыштар дивизиясының командирі В.Антоновтың келісімін ала отырып, Сағадат Нұрмағамбетовті екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бұл құжатта: «Кюстриннен батысқа қарай жаудың мықты бекінген қорғанысын бұзу кезінде, 1945 жылдың 14 сәуірінде майор Нұрмағамбетов біліктілікпен басшылық еткен батальон басты бағытта ұрысқа кірісіп, немістің қорғанысын бұзып өтті және бес қатар траншея жолын басып алып, полктің басқа батальондары мен танктерді ұрысқа кіргізуге мүмкіндік жасады. Асқан ержүректілік пен біліктілігін көрсетіп, Гузув қаласының шығыс бетіндегі ұрыстардың одан әрі табысты болуына үлес қосты, көшелердегі ұрыстар арқылы қаланың солтүстік-шығыс жақтағы шеткері бөлігін үш сағат ішінде басып алды.Осы уақыт ішінде батальон 200 гитлершіл әскердің және 18 оқ жаудыратын нысан мен 8 тірек пунктінің көзін жойды, жаудың 69 солдаты мен офицерін тұтқынға алды.
Хермесдорф елді мекенінің маңында 18 сәуірде жау жағы күні бойы үш рет қарсы шабуылға шығу әрекетін жасап көрді. Майор Нұрмағамбетов асқан табандылығы мен айрықша ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында барлық қарсы шабуылдардың бетін қайтарып қана қоймай, жауды әскер саны жағынан да, техника жағынан зор шығынға батыра отырып, өздерінің бекінген жерінен шегінуге мәжбүр етті… Жаудың танкіге қарсы шабуылшылары мен автоматшыларының барынша қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Буков қаласына бұзып-жарып кіріп, көшедегі қиын ұрыстар кезінде қаланың шығыс бөлігін басып алу жөніндегі полк басшылығының тапсырмасын толықтай орындады. Буков қаласындағы ұрыстар кезінде батальон 100 гитлершіл әскердің, он екі оқ жаудыратын нысанның, төрт танк пен бір өзі іске қосылатын қару-құрылғының көзін құртты.
23 сәуірде майор Нұрмағамбетовтің атқыштар батальоны қала түбіндегі Трептов маңында Шпрее өзенінен бірінші болып өтіп, батыс жағалауға бекініп, жаудың біздің бөлімдер басып алған плацдармды жою үшін жанталаса ұмтылған төрт бірдей қарсы шабуылына тойтарыс берді… Трептовта 80 гитлершілдің көзін жойып, 145 солдатты тұтқынға түсірді, сол арқылы Трептовты біржола басып алуға жол ашты.
24 сәуірде майор Нұрмағамбетовтің батальоны жаудың жанталасқан қарсылығын бұзып-жарып, Берлинге кірді. Батальонды шеберлікпен басқара жүріп… 450-ден астам фашистің көзін құртты, 1560 жау әскерін тұтқынға алды және 9 тірек пунктін жойды. Осы ұрыстар кезінде майор Нұрмағамбетов жарақат алды. Екінші рет «Алтын жұлдыз» медалімен марапаттауға лайық»,— деген мәтін жазылған.
Барлық шешуші ұрыстарда арттағы әскерге жол ашып, ең алда жүрген батальонның командирі, расында, ең жоғары наградамен екінші мәрте марапатталуға әбден лайық еді. Бірақ КСРО басшылығы дивизия және полк командирлерінен түскен ұсынысты құптамаған.
Сағадат Нұрмағамбетовке екінші «Алтын жұлдыздың» орнына 1945 жылдың 31 мамырында Қызыл ту ордені беріліпті.
Генерал Нұрмағамбетов
Берлиндегі соғыс аяқталғаннан кейін де жас қазақ офицерін әскери қызметтен босатпаған. 1946 жылдың мамыр айына дейін ол Дала әскери округінде бөлім инспекторы болған. Бұл әскери округ ақпанда таратылып, ал 3 мамырда біржола қайта құрылымдалды. Ал Сағадат Нұрмағамбетов маусым айында М.Фрунзе атындағы әскери академияға оқуға жіберіліп, одан кейін Түркістан әскери округінде қызмет етті. Оның ішінде 203-мотоатқыштар дивизиясы құрамындағы 31-мотоатқыштар полкінің командирі, кейіннен аталған дивизияның штаб бастығы болды. 1961 жылы Түркістан әскери округінің қолбасшысы, армия генералы И.Федюнин Сағадат Нұрмағамбетовті 203-мотоатқыштар дивизиясының командирі етіп тағайындауға ұсыныс берді. Бірақ бұл ұсыныс қабылданбаған. Ресми түрде Сағадат Нұрмағамбетовтің денсаулық жағдайы алға тартылыпты. Бұдан соң 1961-1969 жылдар аралығында Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болған. Ал 1969 жылдың қазан айында армияға қайта оралып, Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды. Осы жерде 1981 жылға дейін істеп, одан кейін Венгриядағы КСРО Қарулы күштерінің Оңтүстік тобында басшылық қызметте болды.
1984 жылы елге оралып, қайтадан Орта Азия әскери округіқолбасшысының орынбасары қызметіне кірісті. 1989 жылы аталмыш әскери округ қайта құрылымдалды.
Сағадат Нұрмағамбетов кеңес армиясында қызмет еткен уақытында 1964 жылы — генерал-майор; 1972 жылы генерал-лейтенант әскери атағына ие болған.
1989 жылы Орта Азия әскери округі қайта құрылымдалған тұста ол жасы жетуіне байланысты отставкаға жіберілген. Бұл кезде 65 жаста еді.
Отставкаға шыққаннан кейін соғыс және Қарулы күштер ардагерлерінің республикалық кеңесін басқарды. Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов 1971-1994 жылдар аралығында республиканың Жоғары Кеңесіне бірнеше мәрте депутат болып сайланды.
Ең алғашқы қорғаныс минстрі
1991 жылы КСРО ыдырар тұста кеңес армиясындағы тәртіпке де сызат түскен еді. Жас сарбаздардың әскерден қашуы үйреншікті жайтқа айналды. Армияның мүлкі, қару-жарақтың талан-таражға түсу қаупі төнді. Осындай жағдайда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің Қорғаныс министрлеріне қойылар талаптың қандай болары түсінікті еді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 1992 жылдың 7 мамырында құрылды.Ал генерал Сағадат Нұрмағамбетов еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бізге қандай армия керек? Кәсіби мамандарды қайдан аламыз?.. Осы сынды көптеген сұрақтардың шешімін тауып,еліміздің Қарулы күштерін құру және оны аяғынан тік тұрғызу — тұңғыш министрге жүктелген аса зор міндет еді. Бұл міндетті абыроймен орындап шыққаны жөнінде әріптестерінің пікіріне үңілсек, 2001-2005 жылдардағы ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев оны тәуелсіз еліміздің әскерінің іргетасын қалағандардың бірі деп санайды. Оның айтуынша, Сағадат Нұрмағамбетовтің «…алғашқы Қорғаныс министріболыптағайындалуындадаүлкенмәнбар. Өйткеніоныңөмірлікмолтәжірибесіәскериқайраткерлігіменұштасыпжатқан-тын».
Аләскериғылымдардокторы, полковник, жерлесіміз Ким Серікбаев олуақыттаПрезидентаппаратыныңҚорғанысбөліміндемеңгерушіболыпқызмететкен. Оны СағадатНұрмағамбетов шақырып алып«Кимінім, маңайыңажақсыжігіттердіжинап, қорғанысісініңкелешегіболуыүшінжәнеәскерімізмығымболуыүшінқажеттіқұжаттардыжаз. Бізгеәскеридоктринакерек. Менәскерипрактикажөніненжұмыстанайын, сенәскеритеориябарысынбекемде» —дейді. Ким Серікбаев өз естелігінде оның әрдайым «Қандай шешім қабылдасаңдар да, еліміздің ертеңіне нендей себі тиеді деп, ойланып барып қабылдаңдар» — дейтін сөзін атап өтеді.
Сағадат Нұрмағамбетов 1992 жылы генерал-полковник атағын алса, 1993 жылы оған армия генералы атағы берілді.
Елімізде ең жоғары награда — «Халық Қаһарманы» атағы 1994 жылы бекітілген еді. Ел Президентінің Жарлығымен алғаш рет осы атаққа ие болған адамның Сағадат Нұрмағамбетов болуы да тарихтың үлкен әділеттілікті қайта қалпына келтіруінің бір көрінісі сынды. Оған осы атақпен қоса, №1 «Алтын жұлдыз» табыс етілді.
Сағадат Нұрмағамбетов еліміздің Қорғаныс министрі болып 1995 жылдың қараша айына дейін еңбек етті. Ол 2013 жылы 89 жасында өмірден өтті.
Генерал ретінде оның өмір бойғы басты ұстанымы — қарапайым сарбаздарға неғұрлым жақын болу еді. Өзінің сұхбаттарында: «Генерал сарбазды өзінің туған баласындай жақсы көріп, қамқорлауы керек» — деп, үнемі айтып отырған. Бұл сөз кейінгі ізбасарларына, қазақтың барлық әскери басшыларына қалдырған өсиеті болса керек.
Айна САРЫБАЙ.