Жаңалықтар

Субсидияның дені ет және сүт бағытына бөлінеді

Мал шаруашылығы

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі мал шаруашылығын дамыту және вакциналау мәселелері қаралды.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев мал қыстату қорытындысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінде жемшөптің жеткілікті қоры қамтамасыз етілген. Облыста 605 мың ірі қара, 1224 мың ұсақ мал, 362 мың жылқы, 24 мың түйе бар.

— Мемлекет өңірде мал шаруашылығын дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығындағы субсидиялардың көп бөлігі ет және сүт бағытынабөлінеді. Соңғы үш жылда бұл салаға 29,0 миллиард теңге субсидия бөлінді, ал 2024 жылысубсидия көлемі 5,6 миллиард теңгеге жетті. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тираждау бағдарламасына 10 миллиард теңге, ал «Ауыл аманаты» жобасымен2,5 пайыздық жеңілдікпен 4 миллиард теңге несие берілді. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталады,— деді Асқар Жүсібалиев.

Өз кезегінде ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай облыста аса қауіпті мал аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін айтты.

Ветеринариялық қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін 2025 жылы 10 автомобиль, 2 инсинератор және 15 модульдік ветеринариялық пункт сатып алуға қаражат бөлінген.

— Аудан әкімдерімен бірлесіп, «Ауыламанаты» бағдарламасы аясында мал жайылымы үшін қолайлы климаттық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалардың санын арттыру қажет. Бұл саланың тұрақты өсуі үшін өте маңызды. Қазір мал төлдеп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жас мал басының айтарлықтай өсуі күтілуде. Шаруа қожалықтары осы маңызды кезеңге дайындалып жатыр және сау төл алу үшінолардың бастамаларын қолдауымыз қажет. Мал азығы базасын және малды ұстаужағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек. Аудан әкімдері мен ауылшаруашылығы өндірушілері осы процеске жауапкершілікпен қарауға тиіс. «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттікбағдарламалар аясында қолдаушараларын, әсіресе инфрақұрылымды жақсарту мен механикаландыруды жалғастырамыз. Мал басын көбейтіп қанақоймай, оны сапалы өсіру және өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасау маңызды, — деді облыс әкімі.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button