Армения елшісімен кездесті

Кездесу
Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Армен Гевондян және Армения Республикасының Ақтөбедегі құрметті консулы Артак Аветисянді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын сөз етіп, ауылшаруашылығы, туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Облыс әкімі армян инвесторларын өңірдің агроөнеркәсіптік кешені, құрылыс индустриясы және тау-кен саласы сияқты басым секторларға тарту мүмкіндіктеріне ерекше назара ударды.
Сондай-ақ аймақ басшысы Еуразиялық интеграция аясында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтіп,өзара байланыстардың нығаюы екі ел экономикасын дамытуға серпін беретінін жеткізді.
Өз тілшіміз.