«Таза Қазақстан»
Ардагерлер үлесі

“Таза Қазақстан” акциясы шеңберінде қаланы тазалау мен көріктендіруге арналған екі айлық аясында ардагерлер Алматы ауданында тал көшеттерін екті.
Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов, Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеткерген Қабыл, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин және бастауыш ұйым ардагерлер кеңесінің төрағалары Т.Аяпов, Б.Қалиұлы, А.Сәрсембаевтар Есет батыр тұрғын алабындағы Есет батыр ескерткіші жанына тал отырғызды.
Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов Мәртөк ауданы орман шаруашылығымен келісіп, тегін шырша ағаштарын алып, саябақты одан әрі көгалдандыруға үлес қосуға шақырды.