Денсаулық

Триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесі ашылады  

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов облыстық перинаталды орталық пен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барды. Заманауи перзентханада ол босану залдарын, операциялық бөлімшені, жаңа туған нәрестелер орналастырылатын жансақтау бөлмесін, бір күндік клиниканы аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты, мамандармен сөйлесті.  

Облыстық перинаталды орталық 2021 жылы ашылған. Мұнда жыл сайын 8000 босану дерегі тіркеледі, оның 25%-ы хирургиялық жолмен жүргізіледі. 8 босану залы, 6 операциялық бөлме, шала туған нәрестелер мен даму патологиясы бар сәбилерге арналған 12 төсек—барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Орталықта мерзімінен бұрын туған нәрестелер соқырлық қаупіне тексеріледі, қажет болған жағдайда ота жасалады. Ол үшін «Аяла» қоры Ақтөбеге бір ретиналды камераны сыйға тартты.

Екі ай бұрын ашылған «бір күндік клиникада» құрсақтағы ұрықтың генетикалық ауытқушылықтары диагностикадан өткізіледі. Клиника қызметіне тәулігіне35 жүкті әйел жүгінеді. Бір күнде болашақ аналардың қаны тексеріліп, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, анықталған тәуекелдеріне қарай, инвазивті пренаталды диагностика өткізіледі.

Елімізде «Аңсаған сәби» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба әр отбасының ата-ана атануына, балалы болу арманының орындалуына мүмкіндік береді. Ата-ана атану — зор бақыт. Бұл ретте барлық процесс толығымен тегін жүргізіледі. Бедеулік—бүкіл әлемдегі жаһандық проблема. Сондықтан сәби сүйе алмай отырған отбасылардың көрсеткішін барынша азайтуға тырысуымыз керек. Тамақтану, өмір салтыжастардың денсаулығына әсер ететін маңызды факторлар. Сондықтан денсаулыққа бала кезден көңіл бөлу керек,—  деді Абзал Әбдікәрімов.

Айта кетейік, Ақтөбеде ЭКҰ арқылы 300 бала дүниеге келген. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында биыл өңірге 130 квота бөлінді.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовке дербес операциялық бөлмесі және пациенттерді күту палаталары бар облысаралық кардиохирургиялық орталықтың ашылғандығы туралы айтылды.

2010 жылы ашылған емдеу мекемесі өзінің білікті мамандарын мақтан етеді. Болашақта мұнда Қазақстанның батыс өңіріндегі сәбилерді емдеумен қамтамасыз ететін нейрохирургия орталығы да ашылмақ.Балалар ауруханасының басшылығы бірқатар проблемалық мәселелелердің де бар екендігін айтты. Бұл дегеніміз — терезелерді ауыстыру, қабылдау бөлмесіне кіруді қайта жаңғырту, МРТ аппаратын электрмен жабдықтау. Айта кетейік, аурухананың қабылдау бөлмесі жыл сайын 57 мыңға жуық кішкентай ақтөбелікті қабылдайды. Триаж жүйесі бойынша бөлімшені жаңғырту туралы шешім қабылданды.

— Қабылдау бөлімшесін жаңғырту процесін жеделдетуіміз керек. Триаж жүйесі кішкентай пациенттердің жағдайының ауырлық деңгейін тез анықтауға және балалардың гемодинамикасын қалпына келтіру үшін хирургиялық манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бала жарақат алған кезде маңызды. Мәселен, жыл басынан бері скутерлердің қатысуымен болатын оқиғалардың салдарынан осы ауруханаға 30-ға жуық бала келіп түскен. Көбіне оларда күрделі және өмірге қауіп төндіретін сынықтар болады. Жыл соңына дейін триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесін ашуды тапсырамын, — деп түйіндеді Абзал Әбдікәрімов.

Аурухана мамандары медицина мекемесіндегі желтоқсан айында орнатылған МРТ аппаратының Мәскеу сарапшыларының қолдануды бақылау кезеңінен өткізіліп жатқанын айтты. Экологиялық таза және кеңфункционалды жаңа жабдық балаларауруын алдын ала анықтауға бағытталған.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button