Денсаулық

Ауылдық жерлерде маман жетіспейді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облысқа  іссапармен келген  Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев баспасөз конференциясын өткізді.

Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

— Ақтөбедегі емдеу мекемелері мен медициналық университетке, Хромтау аудандық орталық ауруханасына бардым. Сапар барысында тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау жүргіздім. Сегіз айдың ішінде Ақтөбе өңірінде өлім-жітім деңгейі екі пайызға төмендеген.Оның ішінде қан айналым жүйесінен болатын өлім бір пайызға,тыныс алудан болатын өлім-жітім сегіз пайызға азайған. Жалпы, осы салада ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ вице-министр  өңірлердегі маман тапшылығына да тоқталып, ауылдық жерде дипломы бар маман тұрақтай бермейтінін айтты.

— Еліміз бойынша зерттеу жүргіздік, бірінші кезекте жалпы учаскелік  дәрігерлер тапшы. Ауылдық жерлерде акушер-гинекологтар, педиаторлар жетіспейді. Ауылға маман тарту бір ғана көтермеақымен шешілмейді. Әрбір өңірдің атқарушы органдары баспанамен,өзге де игіліктермен  қамтамасыз етсе, маманның тұрақтауына ықпал етері анық,— деді вице министр.

Тимур Сұлтанғазиев ауылға барған жас маманға  8,5 миллион теңге көтермеақы берілетінін айтты. Жас маман барған бойда баспанамен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Вице-министр денсаулық сақтау саласында орын алып отырған бірқатар мәселелерді алға тартты. Олардың ішінде сақтандыру полюсіне қатысты мәселелер де болды. Жиын соңында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button