Манту — екпе емес
Маман кеңесі
Балаларға арналған БЦЖ екпесі, сондай-ақ Манту, Диаскинтест сынамаларының маңыздылығы туралы ата-аналар не білуі керек?
БЦЖ екпесі — балалар үшін міндетті вакциналардың бірі, ол алғаш рет сәбиге перзентханада, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, дүниеге келгеннен кейінгі 2-4 күндер аралығындаегіледі.
БЦЖ — шетелдік аббревиатура, Кальметт-Герен бацилласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ сиырдың әлсіз туберкулез таяқшасының штаммынан дайындалады. Ол адам үшін қауіпсіз, себебі жасанды ортада арнайы өсіріледі. Оның негізгі ерекшеліктері: мақсаты — туберкулездің алдын алу; жұқтырудан емес, жасырын инфекцияның ашық ауруға өтуінен қорғайды; аурудың ауыр түрлерінің алдын алады; балалар арасында сырқаттану пайызын айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ата-аналарды мазалайтын екінші мәселе — БЦЖ екпесін жаңа туған нәрестелердің қай жеріне жасайды, бұл қауіпті ме? Инъекцияның әдеттегі орны — сол иықтың сыртқы жағы, жоғарғы және ортаңғы иықтың арасы таңдалады. Вакцина препараты тері ішіне енгізіледі: тері асты, сондай-ақ бұлшықет ішіне бармайды. Егер вакцинаны иыққа енгізуге кедергі келтіретін қандай да бір себептер болса, екпені кедергісіз қоюға болатын басқа орын таңдалады.
БЦЖ екпесінің артықшылықтары: асқынуы өте сирек; инъекция орнына ешқандай күтім қажет емес; туберкулез таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетеді; жұқтыру кезінде аурудың жеңіл түрде өтуіне мүмкіндік береді; туберкулез кезінде өлімге жол бермейді. Дәрігерлер инъекция орнын жыл бойы бақылайды.
Жас бала ағзасы туберкулезге қарсы вакцинаны әртүрлі қабылдайды. Егер БЦЖ екпесі қызарса, бұл вакцина егілгеннен кейін бір жыл бойы қалыпты болып саналады. Кейбіреулерде бұл бір аптадан кейін, екіншілерінде — екінші айдың соңына қарай, ал үшінші балада жарты жылдан кейін ғана болуы мүмкін. Әсіресе ата-ананы екпе орнында пайда болған ісік қорқытады. Егер БЦЖ екпесінің орны вакцинациядан біраз уақыт өткеннен кейін іріңдесе не істеу керектігін білмей, шошынады. Шынында да, вакцина орнында ортасында ақ басы бар ірің пайда болады. Ол бірте-бірте қабықтанады, оны жұлып алуға, оған ешнәрсе жағуға болмайды, кейін өзі кетіп, екпенің орны тартылады.Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Бұл — солай болуға тиіс нәрсе.
БЦЖ екпесі арқылы бала ағзасының туберкулез сияқты қауіпті аурудан қорғалатынына, жұқтырған күнде де аурудың жеңіл өтетініне кепілдік беріледі.
Туберкулез — жұқпалы дерт. Ол ауа тамшылары арқылы жұғады. Өкпе құрты ауруына шалдыққан науқаспен тығыз байланысу, сөйлесу, жөтелу, түшкіру арқылы инфекция таралады. Манту және Диаскинтест сынамасы — туберкулезді диагностикалау сынамалары. Бұлар бүкіл әлемде қолданылады. Ағзадағы микробактерияны көзбен көріп-білу мүмкін емес, сондықтан бала ағзасына ешқандай кері әсері жоқ, жергілікті реакциямен шектелетін Манту мен Диаскинтест сынамаларының туберкулез профилактикасында маңызы өте зор.
Манту сынамасы арқылы бала ағзасында туберкулез микробактериясы бар-жоқтығы тексеріледі. Ол — тері ішіне қолданылатын, екі халықаралық туберкулинді бірлігі бар арнайы диагностикалық тест.
Диаскинтест дегеніміз — туберкулез микробактериясын диагностикалауға арналған рекомбинантты туберкулезді аллерген. Ол туберкулез процесінің белсенділігін анықтау үшін қолданылады.
Манту мен Диаскинтестсынамасынкөпшілікекпемен (вакцинамен) шатастырып, ата-аналароны салдырудан бас тартады. Аталған сынамалар екпе емес.
Профилактикалық мақсатта 1-15 жасар алығындағы балаларға Манту және Диаскинтест сынамасын дер кезінде салса, микробактерияның көбеюіне жол берілмейді.
Баланы туберкулез микробактериясынан қорғап, алдын алуға шақырамыз.
А.БЕКНАЗАРОВА,
фтизиатр.