Жаңалықтар

Өтінімдер қаралып жатыр

Ақтөбе облысы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне кәсіпкерлердің өтініші негізінде алдын ала есептеулер бойынша 1,5 млрд теңгеге өтінім жіберген. Кәсіпкерлік басқармасы бұл сома бағалауға қарай өзгеруі мүмкін екенін айтады.

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің төрағалығымен өткен аймақтық комиссия отырысында су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнеске өтемақы төлеу мәселесі қаралды. Оған салалық мекеме басшылары,квазимелекеттік сектор өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Өңірде су тасқынынан 76 шағын және орта бизнес нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда комиссия мүшелері сол 76 өтінімнің 10-ы бойынша шешім шығарған. Төлем көлемі117,9 млн теңге. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары, қонақүйлер және басқалары бар. Қалған нысандарға қатысты жұмыстар жалғаса береді, комиссия қарауына шығарылады. Бір сөзбен айтқанда, облыс аумағындағы барлық бизнестің мүлік шығындары өтеледі.

Айтып өткен жөн, Үкімет алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Қаражат Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне шығын көлеміне қарай аударылады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button