Пікір

Стратегиялық серіктестіктің жаңа сатысы

Әнуар ЕСҚАРА,

Amanat партияcы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Еліміз қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізіп отыр. Себебі Қазақстан биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен қатар, өзге де бес халықаралық құрылымға төрағалық етуде. Бұл — еліміздің әлемдік деңгейдегі дәрежесін көрсетеумен қатар, іргеміздің тыныштығының кепілі.

Күні кеше еліміздің бас қаласында ШЫҰ-ның саммиті өтті. Оған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуының өзінде үлкен саяси стратегиялық мән жатыр. Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы өзара байланыстардың тарихы сонау Ұлы жібек жолы кезеңінен бастау алып, ынтымағы мен бірлігін жарастырған. Сондықтан Орта Азиядағы Қытай сияқты алпауыт мемлекетпен тату көрші, достас және жан-жақты стратегиялық серіктес болу маңызды.

ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшылары күш біріктіре отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті жандандыруға ниетті екенін білдірді. Көлік-логистика, энергетика және өнеркәсіп салалары бойынша маңызды келісімдерге келді. Бірлескен мәлімдемелергеқол қойды. Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам жасалды. Ел Президенті де бұл саммиттің, мемлекеттер арасындағы келісімнің мәні зор екенін атап өтті. «Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады», — деді Мемлекет басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button