Денсаулық

МӘМС туралы біліп жүріңіз!

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі осыдан бес жыл бұрын енгізілсе де, тұрғындар арасында әлі күнге дейін түрлі пікір бар. Көпшілігі «Емханаға бармасақ, сақтандаруға аударған жарналар қайда кетеді, оны қайтарып алуға бола ма?» деген сұрақтарды жиі қояды. Жалпы, биыл сақтандыру жүйесінде қандай өзгерістер бар? Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақтөбе облысы филиалының директор орынбасары Рузия Айдашевадан сұрап білдік.

— Биыл  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде төлем мөлшері өзгерді ме?

— МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша төлем пайызы өзгеріссіз қалды. Бірақ базалық есептік көрсеткіш бойынша, яғни ең төменгі жалақының жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгерді.

Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының үш пайызынаударады.

Азаматтық-құқықтық шарт негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғытабысының екі пайызы мөлшерінде жарна төлейді.

Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан бес пайыз төлейді. Биыл бұл баға—  5 950 теңге.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істейтін азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем бес жылға енгізілген болатын. Сондықтан биылжиынтық төлем болмайды. Ал дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері — 4 250 теңге.

Жалпы, әлі күнге дейін тұрғындардың көпшілігі «МӘМС төлемдері қорға түседі және ол қаражатты қор өз қалауы бойынша жұмсайды» деп ойлайды. Бұл — қате түсінік. Жарналар мен аударымдар қорға емес,еліміздің  Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі және қаржы басқа мақсаттарға жұмсалмайды.

Ұлттық банктегі арнайы шоттан  қаражат медициналық ұйымдарға, жеткізушілерге,яғни  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде жіберіледі. Сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

— Сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмек алудан тыс қалама?

— Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске  сәйкес медициналық көмек көрсетудің екі пакеті бар. Олар: минималды—  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), базалық — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек (МӘМС).
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасы азаматтары мен қандастарға көрсетіледі. Тиімділігі сол — оған дәлелденген профилактикалық, медициналық емдеу қызметтері кіреді.

Ал төлемжасамайтындар да медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік терапевтің қабылдауына жазылып, тексеруден өтіп, кейбір қауіпті дерттерді де тегін емдете алады. Жедел медициналық жәрдемнің қызметі де ақысыз болады.

Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табысынанМӘМС жүйесіне жарналар алынуға тиіс.

Медициналық көмекке жүгінбеген адамжарналарды шешіп ала ала ма?

—Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды.

Мәселен, бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақбұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады. Ал  гормон,инфекция бойынша тексерілу үшін бірнеше ондаған мың қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатаркүндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болса, қомақты қаражат керек. Егер ота жасалатын болса,  оның құны бірнеше миллион теңге болуы мүмкін. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.

СондықтанМӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button