Су тасқыны

Нұра ауылында 60 орындық мектептің құрылысы басталады

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов пен «Қуанышбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойып, жаңа мектеп салуға уағдаласты.

Нысан биылғы су тасқынынан зардап шеккен Нұра ауылы маңындағы Сарыоба жерінде бой көтереді. Құрылыстың жалпы сомасы 505.6 млн теңгені құрайды. Жұмыстар шілде айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады деген жоспар бар.

 Айтып өтейік, қазіргі уақытта Сарыобада 11 құрылыс компаниясы 74 үйді салып жатыр. Бұған қоса, ауылға газ, су және жарық тартылуда.

 Жалпы Ырғыз ауданында 134 тұрғын үй бой көтермек. 25 отбасы екінші нарықтағы баспанаға көшті.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button