Денсаулық

Жасөспірімдер денсаулығы мен тәрбиесі

Конференция

Ақтөбедегі шығармашылық академиясында «Қазақстандағы жасөспірімдермен жастардың репродуктивті денсаулығы»  тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға ата-аналар, жасөспірім балалар және педагогтер қатысты.

Конференция диалог түрінде өтті. Қатысушылардың барлығы спикерлердің репродуктивті денсаулық тақырыбындағы пікірлерін мұқият тыңдап, өз кезегінде сұрақ қойып, ашық пікір алмасты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс жасөспірімдер гинекологі Салтанат Тубулбаева жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу, ал  білім басқрамасының штаттан тыс бас мектеп дәрігері Айғайша Көпбаева оқушылардың профилактикалық тексерілуі тақырыбында баяндама жасады. Қаладағы №5 емхананың  бас дәрігерінің орынбасары Алмагүл Амантаева «Адам паппилома вирусына қарсы вакцинация» тақырыбында кеңес берді.  Облыстық әдістемелік орталығы  психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері  Медеухан  Жасжанованың «Жас ұрпақтың үйлесімді дамуында жыныстық тәрбиенің маңызды рөлі» деген баяндамасы көпшілікті ойландырып тастады.

Көп жағдайда репродуктивті денсаулықты медицна және физиологиямен байланыстырамыз. Бірақ бұған психологиялық факторлар да әсер етеді. Себебі бала өсіп келе жатқанда организмінде өзгерістер байқалады. Осы кезде ата-ананың баланы түсінбеуі, көңіл бөлмеуі және өзге де психологиялық жағдайлар, жасөспірімнің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Жалпы бала екі жастан асқаннан кейін-ақ оған жыныстық тәрбие берген жөн. Себебі бұл болашақта баланың өмірін қорғауға, жеке шекарасынан ешкімді өткізбеуге ықпал етеді. Яғни ата-ана дұрыс ақпарат берсе, тіпті ішкиім ережесін дұрыс түсіндірсе бала өзінің денесіне анасынан бөлек ешкімнің қол тигізуіне жол бермейді, — деген психолог жасөспірімдеге қатысты өзге де маңызды ақпараттарды бөлісті.

Сондай-ақ жиында ерте жастағы жүктілік, жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар туралы кеңінен айтылды.

Жалпы, жасөспірімдер денсаулығына қатысты конференциядан бөлек, қаладағы емханаларда апта бойы  жастарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button