Жаңалықтар

Мемлекет Басшысының алғысы — «Ақтөбе» газетіне

Сүйінші!

Еліміздің және өңірдің қоғамдық-саяси өмірін жариялап, көрсетуге қосқан ғасырлық үлесі үшін берілген марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин алды.

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты.

Жиында бірқатар журналиске Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы салтанатты түрде табысталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мемлекет басшысының Өкімімен«Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Сәбит Малдыбаевқа, «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиевке, «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы Елена Преображенскаяға, «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторыТөлен Тілеубайға Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы — продюсері Ақерке Бектас, «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісіДинара Жанбатырова, «Jibek joly» телеарнасының тілшісіӘнуар Кәрібозов, «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасарыГүлсезім Бияшева алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысына «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы, «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымы, «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы, Baq.kz ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымы ие болды.

Айта кетейік, «Aqtobe» телеарнасының редакторы Венера Серғазина «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button