Тегін кеңес берді
Ашық есік күні
Облыстық перинаталды орталықтағы жасанды ұрықтандыру бөлімінде репродуктивті денсаулық апталығы аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шарада өңірдің бас репродуктологі Светлана Есенаманова тұрғындарға кеңес берді.
— Ашық есік күнінде 11 әйел бедеулік мәселесімен кеңес сұраса, өзгелері денсаулықтарына қатысты түрлі мәселелердің жауабын алды. Мәселен, 37 жастағы келіншек келді. Екі баласы бар. Бірін өздігімен босанса, екінші баласын кесарь тілігі арқылы өмірге әкелген. Ерлі-зайыптылар тағы бір баласының болғанын қалайды. Алайда ішіп жүрген жүктілікке қарсы дәріні тоқтатқаннан кейін, алты ай өтсе де сәби көтере алмаған. Келіншекке жан-жақты кеңес бердім. Жүктілікті қалай жоспарлау керектігін айттым, — деді Светлана Есенаманова.
Дәрігердің айтуынша, әйелдіңрепродуктивтіденсаулығынатүрлі факторларәсер етеді.Мәселен, салмақтың тым көптігі немесе аздығы, салауатты өмір салтын ұстанбау, қозғалыстың жоқтығы да денсаулыққа кері әсер береді. Сондай-ақ ішімдік ішу, шылым шегу және шамадан тыс қозғалыс та әйел адамның денсаулығына зиян екен. Светлана Есенаманова, ұзақ уақыт сәби сүйе алмаудың бір себебі жыныстықжолменберілетінинфекциялар болса, екіншісі күйзеліс екенін айтты. Себебі қатты күйзеліс гормондардыңөзгеруінеәкеледі. Сондықтан маман қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл күйде жүрудің маңыздылығын түсіндірді.
Кәмшат ҚОПАЕВА.