«Жасыл ел» кубогы өтті
Шағын футбол
Сейсенбіде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің спорт кешенінде «Jasyl el» еңбек жасақтарының сарбаздары арасында шағын футболдан «Жасыл ел» кубогы ойнатылды.
Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының штабы және «Атамекен» студенттік отрядтарының қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Jasyl elCUP-2024» турнирінің басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және «Жасыл ел» еңбек жасақтары сарбаздарының қоғамдықіс-шараларға белсене араласуын дамыту.
Турнирдің ашылу салтанатында Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы, сондай-ақ облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының штабы және «Атамекен» студенттік отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
«Жасыл елдің» кубогы үшін өткен турнирге «Asau», «Jel», «City», «Samgau», «Alash», «Top guns», «ZHubanov zhastary», «Bersiev» атты 8 команда қатысып, ойынды қызықты да тартысты өткізді.
Төрешілер шешімімен «Жасыл ел» кубогы үшін өткен турнирде шағын футболды шебер ойнаған «Asau» командасыжеңімпаз атанды. Екінші орынға«Jel» командасы ие болса, үшінші орынды«City» командасы иеленді. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен белсенділер номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтсақ, Нұрарыс Ашықбай — «Үздік ойыншы», Жансерік Асхат — «Үздік қақпашы», Нұржан Бердіханов — «Үздік шабуылшы», Әділет Аққұбаш «Үздік қорғаушы» атанды.
Диана ҚҰДАЙБЕРГЕН,
«Жасыл ел» штабының PR-менеджері.
Ақтөбе қаласы.