Су тасқыны

Ырғыздағы құрылыс қарқын алды

Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болып, Сарыобадағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылдық округі Сарыоба жеріндегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Қазіргі уақытта 11 мердігер компания жұмысшылары мұнда алғашқы үйлердің іргетасы құйды. Ал құрылыс материалдары күнделікті тасымылдануда.

Асылбек Есенбаев аудан басшысы Нұрлан Қызбергеновке құрылыс барысын күнделікті қадағалап, баяндауды тапсырды.

Ырғыз ауданы бойынша 134 баспана бой көтеруде: Ырғыз ауылында – 50, Нұра ауылы маңындағы Сарыобада – 74 және Мамыр ауылында – 10 үй.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button