Жастар

Белсенді жастар басқосуы

Семинар

Ақтөбе қаласында жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Жоба аясында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері лудомания, репродукциялық саулық тақырыптары бойынша үш күндік оқыту бағдарламасынан өтті.

Алғашқы курсқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында жастармен қоян-қолтық араласып, бірлесіп еңбек ететін 32 маман қатысты. Осы жолы жиналғандарға лудомания мен репродукциялық саулық бойынша кеңінен түсінік берілді. Жастардың бастамасына сәттілік тілеп келген облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов тақырып аясында ой-пікірін ортаға салды.

— Іс-шараға аудандық, қалалық орталықтарда қызмет ететін жастар да шақырылды. Барлығының қызығушылығы ерек. Тағы да ұйымдастырылса деген тілегін білдірді. Сол арқылы тәжірибе алмасып, бір-бірімен танысатын, ортақ идеяларды іске асыратын оқыту бағдарламасының шынымен берері мол.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинардың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады, — дейдіоблыстықжастарресурстықорталығыныңбасшысыНұрлыбекМусин.

Басқосу С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткізілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button