Су тасқыны

Жаңа үйлер құрылысы және қоныстой

Біз біргеміз!

Темір ауданы

Темір ауданында су тасқынының салдарын жою бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Төтенше жағдай жарияланған Темір ауданында 98 отбасының үйі зардап шеккен. Оның ішінде 57 үй жарамсыз деп танылса, 41 үйге жөндеу қажет.

Темірлік Эльмира Аманғали — үйі суға кеткендердің бірі. Тұрмыстық техникалары, біраз мүлкі жарамсыз болып қалған. Келтірілген залал үшін оған 321 мың теңге және баспанасын жөндеуге 7 млн 727 мың теңге беріліпті. Эльмира қаражат қолына тиген сәтте керек-жарағын алып, жөндеу жұмыстарын бастап кетіпті.

Эльмира сынды тағы 30 үйдің иесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мақсатта 148 млнтеңгеден астам төлем аударылыпты. Қаржы бөлу әлі де жалғаса бермек.

Бұдан бөлек 35 отбасы Болат Өтемұратов қоры арқылы дайын үйді сатып алуға ниет білдірген. Бұл бойынша әзірге 16 отбасы жаңа баспанасына көшті. Сондай-ақ бір шаңырақ «Қамқор-Ақтөбе» қоры арқылы баспаналы болмақ. Қалған 21 үй  Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылында тұрғындар өздері таңдап алған жер учаскесінде бой көтереді.

Екі мердігер компанияның жұмыс қарқыны жоғары, заманауи үлгідегі үйлер белгіленген талаптарға сәйкес салынып жатыр.Сондай-ақ 62 отбасы су тасқынынан келген шығын үшін 25 млн 538 мың теңге алыпты.

Мал шығындарын өтеу мақсатында малына тиісті сырғалау жүргізген тұрғындар да тиісті өтемақыларын алып жатыр. Аудан бойынша су тасқыны салдарынан өлген 528 мал үшін шаруалар 128 млн 611,1 мың теңге қаржы алды.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Ырғыз ауданы

Бүгінде Торғай өзенінің су деңгейі қалыпты. Құйылыс және Жайсаңбай ауылдарындағы  бөгеттерді нығайту жұмыстары тоқтатылды. Дегенмен Нұра ауылы әлі судың ортасында қалып отыр.

Аудан әкімдігінің берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінге дейін ауданда 153 тұрғынға

біржолғы әлеуметтік төлем берілген. Олардың жалпы мөлшері — 56 487 600 теңге.

Жалпы аудан бойынша зардап шеккен тұрғындардан барлығы 234 өтініш тіркелген.

Қазіргі таңда зардап келтірілген мүліктерге техникалық тексеру жүргізу бойынша «Жоба НС» ЖШС-мен жасалған шарт негізінде қорытындылар алынып, «Юма Групп» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде өтініштер бойынша бағалау есептері жүргізіліп жатыр. Әзірге ауданда 6 тұрғын үйдің шығынын өтеуге 4 545 710 теңге қаражат төленген. Оның ішінде түрғын үйлерді жөндеуге 4 352 210 теңге, тұрмыстық техникалар құнын өтеуге 193 500 теңге қаражат берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан су тасқыны кезіндегі мал шығындарын өтеу мақсатында 31 бас мал үшін 11 437 168 теңге төленді.

Су тасқынынан зардап шеккен Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарының тұрғындарына «DAR Charity» қоғамдық қоры арқылы 7 отбасына Ырғыз ауылынан 7 тұрғын үй сатып алынып берілді.

Бүгінде Ырғыз ауылында11 компания тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп жатыр. Олар:   «СК Қала» ЖШС, «Turkus Global Trade» ЖШС, «САҚ групп» ЖШС, «Байұлы НС» ЖШС, «Барыс-62» ЖШС, ЖК «Жандаулетов Берик Иемирханович», «Ерементау» ЖШС, «Айша Асу Инвест» ЖШС, «Jasа Cоmpany» ЖШС, «Қуанышбек» ЖШС, «Ardana Group» ЖШС. Мұндақазір 50 үйдіңіргетасықалануда.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Мұғалжар ауданы

Биылғы көктемгі тасқында Мұғалжар ауданы бойынша 76 үй зардап шеккен. Залалды жою мақсатында жасалып жатқан жұмыстар аясында Болат Өтемұратов қоры мен BI Group компаниясы қолдау көрсетіп жатыр.

Көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша 76 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зақым келген.

Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, тасқыннан зардап шеккен отбасылар  баспанамен қамтылады.

— Арнайы комиссия жеті отбасының үйлерінің жағдайын көріп, «жөндеуге жарамды» деп танып, қаражаттарын төледі. Қазіргі таңда Жағабұлақ пен Бірлік ауылдарында 14 үй салынып жатыр. Үйсіз қалған 54 отбасына аудан орталығынан үй сатып алып беруге құжаттарын дайындап жатырмыз, оның 21-іне сатып алынды.Комиссия тасқыннан келген шығынды анықтап, әрбір өтінішке қатысты мәселені толық шешу бойынша жұмысын жалғастыра береді, — дейді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

Қазіргі таңда Жағабұлақ ауылында 9 үй салынып жатыр. Ал Бірлік ауылында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салынатын үйлердің орындары белгіленіп, 5 үйдің құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді «Айлин СтройПроект» ЖШС қолға алған.

Сатып алынған 21 үйдің біріне бір апта бұрын Жағабұлақ ауылының тұрғыны Сағынтай Тұрмағамбетов көшіп барды.

— Жағабұлақтағы үйіміз суға кеткен еді. Арнайы комиссияның шешіміне байланысты аудандық әкімдік баспана сатып алып берді. Бес бөлмелі үйдің ауласы да үлкен. Бұған дейін де әкімдік тауып берген баспананы уақытша паналадық. Билік басындағыларға алғыстан басқа айтарым жоқ, — дейді Сағынтай Тұрмағамбетов.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Мәртөк ауданы

Мәртөк ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін екі үй сатып алынды. Бұл игі істі кәсіпкер Болат Өтемұратов қоры қаржыландырған.

Баспаналы болғандардың бірі — Сарыжар ауылының тұрғыны Гүлжайна Ысқақова. Жаңа үйдің кілтін алған қуаныш иесі табиғи апат кезінде зардап шеккен отбасылар үшін үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдаулар үшін алғысын білдірді.

Көктемде үйімізді су басып, біраз әбіргерге түскенбіз. Кейін комиссияның шешімімен баспанамыз «апатты» деп танылды. Бүгін, міне, жаңа үйдің кілтін алып, қуанып жатырмыз. Барлығына ризамыз. Елімізде тек амандық болсын. Енді мұндай жағдай болмасын, — деді Гүлжайна.

Сондай-ақ бұл күні баспана кілтін Саржансай ауылының тұрғыны Күләш Есерова да алды.

Аудан бойынша тағы екі отбасы жаңа үйге көшу үшін құжаттарын дайындап жатыр.

Бүгінге дейін аудандағы 45 отбасы 100 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем алды. Су тасқынынан жапа шеккен Мәртөк тұрғындарына демеушілер есебінен де тұрақты көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл көктемде Мәртөк ауданында үш ауыл табиғи апаттан зардап шегіп, 69 аулаға су кірді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button