Мереке

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтауы

«Бүгін, міне – жаздың алғашқы күні.

Балаларымыз асыға күтетін мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні. Барша жас достарды, балаларымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

«Сенің табаныңа кірген шөң, менің маңдайыма кірсін» дейтін әр ата-ана баласының  азамат болып өскенін қалайды. Ал мемлекеттің басты мақсаты – ел тұтқасын ұстар білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау.

Ақтөбе облысында 200 мыңнан астам бала бар. Соның ішінде 350-ге жуық су тасқынынан зардап шеккен жас өрендердің жазғы демалысын көңілді өткізу үшін лагерьлерге, сауықтыру орындарына жібердік.

Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен, балалардың лайықты тәрбие алуына, бос уақытын пайдалы өткізуіне бағытталған бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Өңірде де тәрбиелік мәні бар жобалар өткізіліп, жалғасын таба бермек.

Тілегім – балаларымыз үмітімізді ақтар саналы ұрпақ болып өссін. Атаның емес, адамның баласы болсын! Жарқын болашақ, ашық аспан және бейбіт ғұмыр тілеймін!»

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button