Химия пәні мұғалімдері біліктіліктерін арттырды
Біліктілік
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химияны оқытуда инновациялар мен заманауи технологиялар» атты біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курсқа 25 мұғалім қатысты.Олар өзара тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып, біліктіліктерін арттырды.
Курс барысында«Ғылыми жоба жұмыстарын дайындау және ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Әуелі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің химия ғылымдарының магистрі С.Дүзелбаева қатысушыларға тақырып бойынша мағлұматтар берді.
Семинарда курс тыңдаушыларына химия пәнінен зерттелетін тақырыптарды нақтылау, зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыружәне ондағы ерекшеліктер туралы айтылды. Сондай-ақ ізденіс жұмыстары барысында нұсқау ретінде қолданатын тиімді әрі қауіпсіз сайттарға сілтеме берілді.
Мұғалімдер алдағы уақытта жинаған тәжірибелерін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларына үйрететіні анық. Сондықтан педагогтерге мұндай жаңашылдыққа толы семинардың берері өте зор.
Семинар соңында мұғалімдер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Ләззат ЕРМЕКБАЕВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
Ақтөбе облыстық филиалы
кафедрасының аға оқытушысы.