Жаңалықтар

ҚХР мен Ақтөбе облысы арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасындағы халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің бас өкілі Чэнь Хунцянмен кездесті.

💬 Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
«Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар достық, ынтымақтастық қатынастар дамып келе жатқанын бірнеше рет атап өткен болатын. Ақтөбе облысы көп жылдар бойы Қытаймен тығыз қарым-қатынаста болып, достық қарым-қатынастынығайтып келеді. Бүгінде облыс ерекше қарқынмен дамуда. Өңірімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалған. Облыс аумағы арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автомобиль жолы өтеді. Біз сіздерге облысымыздағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және оларды қолдауға дайынбыз», – деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі бас өкілге «Ақтөбе» индустриалдық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Келер жылы мұнда жалпы инвестиция көлемі 16,960 млрд теңге болатын 10 жаңа жоба іске асырылады. Соның нәтижесінде өңірде 667 жаңа жұмыс орны ашылады.

Басқосуда Қазақстан Республикасындағы Қытай кәсіпкерлерінің бас қауымдастығының Бас хатшысы Чэнь Хунцян әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі ел арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға дайындығын білдірді. Сондай-ақ екіжақты тауар айналымының өсуін ынталандыру және сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдайтынын жеткізді.

Айта кету керек, биылғы жылдың І тоқсанындағы Ақтөбе облысының Қытай Халық Республикасымен сыртқы сауда айналымының көлемі — 221,9 млн АҚШ доллары.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button