Жаңалықтар

ABYROI RUN 2024

Күні – 26 мамыр (жексенбі) 2024 жыл 07:30.

Өтетін орны: Астана қ, Триатлон парк

ABYROI RUN 2024 – Жеңіс Батырларына арналған дәстүрлі 5 және 10 шақырымға жүгіру. Биылғы жылы жарыс Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқы кеңес жауынгерлерінің бірі Халық Қақарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналып отыр.

Старт топтамасында футболка мен мәреге жеткендерге берілетін медаль бар.

Жарысқа тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://globalsport.kz/abyroirun

Старт топтамасын 25 мамыр (сенбі) сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін мына мекенжайдан алуға болады: Сығанақ, 45 (Пекин Палас ғимараты, кіреберіс оң жақтан)

Сондай-ақ, әрбір адам Жеңіс батырларына құрмет көрсетіп, 2 шақырымды жүгіріп өте алады. Бұл қашықтыққа тіркелудің қажеті жоқ
Бұған бөлек Сіздерді:
📌ұлттық спорт ойындары
📌Қызықты концерт
📌Конкурстар
📌Балалар аниматорлары күтеді

Ойын-сауық бағдарламасы сағат 10:00-де басталады.

Фестивальді ұйымдастырушы – «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі – Қазақстандағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған және хабарсыз кеткен қазақ жауынгерлерін жүйелі түрде іздестірумен және қайта жерлеумен айналысатын жалғыз ұйым.

🤝Бізді қолдағандар: Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі , Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Бас серіктес – «Родина» агрофирмасы. Ақпараттық серіктес – «Хабар» Агенттігі» АҚ

Біздің инстаграм парақшамыз⬇️

https://www.instagram.com/ata.amanaty?igsh=MW5yZnRpcHlobWtpMA==

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 775 171 33 77

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button