Ауыл
Мәртөк ауылының тұрғыны Жансая Рамбаева бөдене фермасын қалай үй жағдайында жүргізуге болатындығы туралы айтып берді
Жылдың басында ол «Ауыл аманаты» бағдарламасын пайдаланып, аталған құсты өсіруге 5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған.
Үй шаруашылығының күтілетін қуаты – жылына 1,7 тонна бөдене еті, 24 мың дана жұмыртқа. Өнім диеталық болып саналады және организм үшін маңызды микроэлементтердің көзі ретінде ұсынылады. Қазір Жансаяның шаруашылығында 1,5 мыңға жуық бөдене бар. Сонымен қатар, ол жылыжай кәсібін де белсенді дамытып келеді.