Су тасқыны

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ырғыз ауданындағы ахуал туралы айтып берді

Оның сөзінше, бүгін Ырғыз ауданында Белшер, Мамыр ауылдарына азық-түлік пен жанар-жағармай жеткізілді. Құйылыс ауылынан қалған адамдар аудан орталығына эвакуацияландырылды.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен ауданда жұмыс жүргізілуде. Жалпы саны 828 адам эвакуациялық пункттерге көшірілді. Кеше Нұра, Дүкен, Белшер ауылдарына электр қуаты берілді. Байланыс тұрақты. Қазіргі таңда су деңгейі бірқалыпты. Ырғыз-Нұра жолын қалыпқа келтіру жұмыстары басталады, техника жұмылдырылды. Ең бастысы — тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз», — дейді облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button