Су тасқыны

Зардап шеккен отбасылармен кездесті

Қоғамдық штаб

Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле облыстық қоғамдық штаб өкілдерімен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жатақханасындағы эвакуациялық пунктке барып, су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесті.

Кездесу барысында атақты футболшы жатақханадағы отбасылардың балаларына естелік ретінде қолтаңбасы бар доп сыйлап, жас өрендерге алаңда доп тебудің қыр-сыры, әдіс-тәсілдері, үлкен спортта табысқа жету жолдары, өмірлік тәжірибесі жайында айтып берді.

Сондай-ақ пунктке барған облыстық штаб төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева тұрғындардың жағдайын біліп, олардықандай мәселелер толғандыратынын сұрады. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар бірреттік төлемақы алған, оларға гуманитарлық көмек те көрсетілген. Қазір мұнда 68 адам (15 отбасы) тұрып жатыр.

Аталған пунктке бекітілген облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев пен Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Рахымжан Низамутдинов тұрғындармен үнемі байланыста.

Естай Сисенбаевтың айтуынша, тұрғындарды мазалап отырған басты мәселе — несиенің үш айға шегерілуі. Мәселен, «Береке Банк»АҚ тұрғындарға несиенің уақытын ұзартуда нақты қолдау көрсетпей отыр.

                                                 Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button