Басты жаңалықтар

ТАҢБАЛАУҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ НАЗАР АУДАРАСЫЗ?  

Таңбалаудың негізгі идеясы — тұтынушыларға өнім туралы толық, дұрыс және сенімді ақпаратты  жеткізу. Таңбалау өнімді тану, оны басқалардан ажырату үшін қажет.

Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауда тамақтың атауы мен құрамы,

өнімдердің саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, дайындаушы белгілеген немесе кеден одағының техникалық регламенттерінде жекелеген түрлерге көзделген тамақ өнімдерін сақтау шарттары және өнімді дайындаушының атауы, орналасқан жері жазылады. Сондай-ақ егер осы ұсынымдарсыз немесе шектеулерсіз пайдалану қиын болса не тұтынушылардың денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтіруі, тамақ өнімдерінің дәмдік қасиеттерінің төмендеуіне немесе жоғалуына әкеп соғуы мүмкін болса, тамақ өнімдерін пайдалану, оның ішінде дайындау жөніндегі ұсынымдар және шектеулер жазылады. Тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығы көрсеткіштері, тамақ өнімдерінде гендік-модификацияланған организмдерді қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер, кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі көрсетілуге тиіс.

Бөлшек сауда ұйымдары тұтынушы болмаған кезде тамақ өнімдерін тұтыну қаптамасында немесе оған жапсырылған жапсырмада буып-түю кезінде тамақ өнімдерінің атауын, оны дайындаған күнін, жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын көрсетуге тиіс.

Кеден одағының техникалық регламентінің 022/2011 «Тамақ өнімі, оны таңбалау бөлігінде» 4.1-бөлігінің 1-тармағында және 4.4-бөлігінің 13-тармағында көзделген мәліметтер тікелей көліктік қаптамаға орналастырылған тамақ өніміне, сондай-ақ тұтынушының қатысуымен бөлшек сауда ұйымдары өлшеп орауды жүзеге асыратын тамақ өніміне қатысты тұтынушыға негізді өнім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен жеткізіледі.

Буып-түйілген тамақ өнімдерінің таңбалануы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде және орыс тілінде жазылуға тиіс;

Азық-түлік өнімдерін таңбалау түсінікті, оқылуы оңай, сенімді болуы керек. Бұл ретте жазулар, белгілер, таңбалар таңбалау жазылған фонға қарама-қарсы түсуі қажет. Таңбалау тәсілі дайындаушы белгілеген сақтау шарттарын сақтай отырып, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұтынушыларды өнімді таңдауда аса мұқият болуға, затбелгілердегі таңбалауды оқуға шақырады. Сыртқы түріне, құрамына, шығарылған күніне, жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына назар аудару қажеттілігін еске салады.

Сапасыз өнім анықталған жағдайда халық Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өтініш бере алады.

 

Лаура ЖАЛҒАСБАЕВА,

Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын  бақылау бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button