Басты жаңалықтар

Шаңырақ күні

«Шаңырақ күні» тақырыбында ұйымдастырылатын іс-шаралардың бәрі 17-наурызға жоспарланған. Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналады.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жексенбіге тұспа-тұс келген күні облыста ұлттық киім киген жастардың неке қию салтанаты ұйымдастырылып, «Наурыз бата» беру рәсімі өткізіледі. Сондай-ақ бұл күні елу жыл отасқан отбасылар арасында «Алтын шаңырақ», ширек ғасыр бірге тұрған жанұяларға арналған «Күміс кереге» байқаулары ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар жаңа туған нәрестелердің ата-анасына «Наурыз-базарлық» үлестіріліп, Наурыз логотипі бар естелік сыйлықтар да түрлі іс-шаралардың шырайын келтірмек.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Шаңырақ күні елдегі жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, білімқұмарлық пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға сеп болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button