Басты жаңалықтар

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Елімізде 16 наурыз — «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» тақырыбында аталып өтпек. Ұлттың «мәдени коды» негізінде бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналатын болады. Алтынай Юнисованың айтуынша, облыстың мәдениет ұйымдарында мерекелік марафон — халықтың кең тараған салт-дәстүрлері — тұсаукесер, баланы бесікке салу, беташар сияқты түрлі жоралғылар жасалады. Кинотеатрлар мен кинозалдарда ұлттық кино апталығын ұйымдастыру да іс-шаралар жоспарына енгізіліпті. Сондай-ақ қазақстандық авторлардың, суретшілер мен мүсіншілердің туындыларының тұсаукесерлері, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар фестивальдері ұйымдастырылатын болады. Мамандардың айтуынша, бұл күнге негізделген тақырыптық іс-шаралар ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button