Мереке

Көктемнің көрікті мерекесі

Amanat

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Amanat партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов өңірде белсенді еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

Марапатталғандардың арасында партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымы төрағалары мен белсенді мүшелері, мәслихаттардағы фракцияның және қоғамдық кеңестің мүшелері, аумақтық партия филиалының атқарушы хатшылары бар.

— Баршаңызды алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі кәсіптеріңізге береке әкелсін. Қашанда қоғамда әйелдердің алатын орны бөлек. Ұлтымызды ұйытып, ұрпақ тәрбиелеп отырған — әйелдер. Әйел — сұлулық пен даналықтың белгісі. Бүгінде облысымызда әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Мәселен, облыста 936 847 тұрғын болса, оның 51 пайызы — әйелдер. Ресми статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда облыстағы мекемелер мен компанияларды басқаратын әйелдердің үлесі 51,1 пайыз болса, өңірдегі жалпы кәсіпкерлердің арасындағы әйелдердің үлесі — 56,5 пайыз. Ал Amanat партиясының Ақтөбе облысы бойынша 32 мыңнан астам партия мүшесі болса, оның 62,2 пайызы немесе 19,5 мыңға жуығы — әйелдер, — деді Ербол Данағұлов.

Мерекелік жиында марапатталғандардың бірі — партия ардагері Гүлсара Сейітова. Ол ұзақ жылдар бойы партияның Шалқар аудандық филиалын басқарған.
Мен қызмет еткен жылдары партия жаңа бастамаларды көтеріп, көптеген жұмыс атқарды. Жұмыссыз жүрген адамдар еңбекке орналастырылды, жағдайы жоқ адамдарға көмек көрсетілді. Жалпы, менің бұл партиядағы еңбек жолым өте қызықты өтті. Көптеген адамның алғысын алдық. Ал бүгін мереке қарсаңында осындай құрметке бөленіп отырмын. Өте қуаныштымын. Барлық аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймын, — дейді ол.

 Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button