Мереке

Редакциядағы мереке

Биыл да Халықаралық әйелдер күні мерекесі облыстық газеттер редакциясында аталып өтілді. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газеттері мен «Үш таған» журналының басын қосатын «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымындағы қыз-келіншектерді медиахолдинг басшылығы құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Шарада алдымен «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин жылы лебізін білдірді.

Бүгінде ұжымдағы қыз-келіншектердің үлесі көп. Сіздер әр кез уақытпен санаспай, еңбек етіп келесіздер. Сіздердің осы орайда жұмыстарыңызды жоғары бағалай отырып, бүгінгі мерекеде ерекше ризашылығымызды білдіргім келеді. Сіздерге мол табыс, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға ырыс, береке, амандық тілеймін, — деді медиахолдинг басшысы.

Бұдан кейін «Үш таған» журналының бас редакторы, ақын Ертай Ашықбаев пен облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай сөз сөйлеп, әріптестерді мерекемен құттықтады. Редакция жігіттері қыз-келішектерге сый-сияпат ұсынып, тілектерін жеткізді. Сондай-ақ Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Нұржан Қаражанов жиналғандарға әннен шашу шашты.

Айта кету керек, мереке қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркеева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын алды. Салтанатты жиын соңында барша әріптестер Айгүл Маратқызын марапатымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button