Мереке

Салалық кәсіподақтың сыйы

Кәсіподақ

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы еңбеккер әйелдерді құттықтады.

Мерекелік іс-шараға 60-тан астам қыз-келіншек шақырылды.

— Біздің филиалға қарасты 117 бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Бүгінгі іс-шараға барлық ұйымнан қыз-келіншектер шақырдық. Қоғамның дамуы үшін қай салада да әйелдердің қосып жатқан үлесі мол. Әсіресе мәдениет және спорт салаларында жас ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды сіңіріп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп жүрген әйелдер қауымы құрметке лайық, — деп атап өтті «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы Нәзира Табылдинова. Сондай-ақ ол Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжі директорының орынбасары Марта Асановаға және қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Бақтыгүл Тілеповаға кәсіподақтың жоғары марапаты — «Еңбек даңқы» төсбелгілерін табыстады. Басқа қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Манар Өтекешова да мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін айтты.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Нұрлан Әбдібеков аналарға, аруларға арнап ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button