Мереке

Тиімді бағдарлама авторы

«Ақбөбек» халықаралық мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Ахметова — «Тиімді оқу мен оқытуға» үйретуге бағытталған «4-7-20» бағдарламасының авторы.  Аталған бағдарлама болашақ педагогтерді кәсіби-тұлғалық дағдыларды меңгеруге үйретеді.

 2013-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының тренері болып қызмет еттім. Білім беру жүйесін трансформациялау бойынша бірнеше бағдарламалар мен инновациялық жобалардың авторымын. Биыл қаңтар айынан бері «4-7-20» бағдарламасы бойынша «Ақбөбек» халықаралық мектебінде студенттерді тәжірибеден өткізіп келемін. Бұл болашақ мұғалімдерді мамандықтары бойынша педагогикалық қызметке аутентикалық оқыту негізінде даярлауға бағытталған. Бағдарлама білім алушылардың метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуіне, олардың қабілеттері мен алған білімдерін қолдана отырып, нақты өмірдегі мәселелерді шешуге даярлауға мүмкіндік береді, — дейді Салтанат Ахметова.

С.Ахметова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен жасалған меморандумға сәйкес жүйелі жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, алдымен студенттер 6 апталық тәжірибеден өтіп, оларға тиімді оқытудың тәсілдері, сабақ кестесін жоспарлау, оқушыларды бағалау әдістері туралы дәрістері оқытылып, тәжірибе жүзінде түсіндіреді. Одан бөлек студенттерге психолог, фитнес тренерлердің жаттығу сабақтары ұйымдастырылады.

Салтанат Ахметова бұдан бөлек «Дем» оқыту бағдарламасының авторы әрі үйлестірушісі ретінде  ауыл жастарымен тренинг өткізіп, коуч-тренерлермен кері байланыс жасайды. Тренерінің арқасында педагогикалық білім берудің жаңа технологиясын  үйренгендердің біріҚ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің 3- курс студенті Жанерке Махамбетқызы.

Жақында Салтанат Ахметованың авторлық жобасы негізінде тәжірибеден өтуге келдім. Қазір топпен жұмыс жасауды және сабақ кестесін жоспарлауды үйреніп жатырмыз. Әсіресе жас маман Жасұлан Қайдасовтың IT технологияларды пайдалануды үйрететін сабақтары қызықты өтеді. Осындай ауқымды жобалар көп болса екен, — дейді студент.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button