Мереке

Үздік дәрігердің «мейірімі»

Бәрекелді

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінің конгресс-холында «Мейірім әлемді құтқарады» атты энциклопедияның кейіпкерлерімен салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Оған тәлім-тағылым үлгісін таратқан әжелер, өз кәсібінің үздігі атанған аяулы аналар, кәсіпкерлік тізгінін ұстаған қыз-келіншектер қатысты.

Осындай таңдаулылар қатарында жоғарғы дәрежедегі кәсіптік дәрігер, «Шапағат» жабық конкурсында «Үздік дәрігер» атанған Зияш Ниянқұлова да бар. Оған «Мейірім» төсбелгісі мен Алғыс хат тапсырылды.

Зияш Сейілханқызы ұзақ жылдар бойы Ақтөбе қалалық жедел жәрдем стансасында, кейіннен құрылған жарақат бригадасында еңбек етіп, кәсіби білікті дәрігер ретінде талай жандарға қол ұшын беріп, көмегін тигізді.

Ол кейінгі он шақты жыл ауқымында Ақжар кен орнында «Ж.Б.Оразова» жеке кәсіпкерлігі бойынша осы салада еңбек ететін мұнайшыларға, мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларына дәрігер ретінде медициналық қызмет көрсетеді.

Дана АМАНГЕЛДИНА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button